ЖЕТІСУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЖОЛДЫҢ БІРІ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 04.08.2023
Оқылды: 696
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал" автожолында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланыста 4 тамызда автокөліктің барлық түрлері үшін жабық болады, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Қалтафонға төтенше жағдайларға байланысты 112 нөмірінен келетін арнайы хатта да "04.08.2023. 09-00-ден 18:00-ге дейін Жетісу облысы, Сарыөзек-Көктал тас жолы (45-68 шақырым) жөндеу жұмыстарына байланысты жабық болады" деп көрсетілген. 

Фото: көрнекілікке алынды.