"Алакөлдің жағалауындағы үйін тәркілеп": Мәсімов 13 жылға сотталуы мүмкін

Уақыты: 04.08.2023
Оқылды: 433
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұл –  Павлордар облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісі. Сот отырысында прокурор оны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы El.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп.

Аталған сотта прокурор Мәсімовтің Алакөлдің жағалауындағы үйін тәркілеп, 16 млн теңгені қайтаруды талап етті.

Осыған дейін айтылғандай Павлодар облыстық полициясының бұрынғы бастығы аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.

Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, жемқорлық әрекеті 2020 жылы жасалған. Сол жылғы көктемде генерал-майор Нұрлан Мәсімов өзінің орынбасарына демеуші талап етуді тапсырып, оны өз қамқорлығына алуға уәде берген.

Фото: көрнекілікке алынды