Атақты "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі дүниеден озды

Уақыты: 04.08.2023
Оқылды: 605
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Тарихи ансамбл – “Дос-Мұқасан” тобының негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Литвинов Александр дүниеден озды. 

Қаралы хабар “Дос-Мұқасан” тобының Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

“Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол біздің "Дос-Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады”, – делінген жазбада.

Сурет: Instagram/dos_mukasan_official