Уақыт безгегі. Кеңсе тауарлары шарықтап кеткені рас па?

Уақыты: 08.08.2023
Оқылды: 669
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда кеңсе тауарларының бағасы өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда айтарлықтай қымбаттағанын растады.

Мәселен, аталған тауар түрінің бағасы 2023 жылдың шілдесінде былтырғы кезеңмен салыстырғанда 64,4% қымбаттаған. 

Дәлірек тізбелегенде, мектеп дәптері – 77,2%, қалам – 38,6%, түсті қарындаштар – 41,9%, сурет альбомы – 44,1% мөлшеріне дейін шарықтап кеткен. 

Фото: kz.smartzaim.kz көзінен алынды