Жігерлі жастар облыс әкімінің алғысын алды

Уақыты: 27.09.2023
Оқылды: 752
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу жастары мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы белсенділіктері, қажырлы еңбектері мен тың идеялары үшін облыс әкімдігінің алғысына бөленді.

Облыс әкімнің орынбасары Рустам Алидің айтуынша, Жетісу жастарының ауыз бірліктері мен жауапкершіліктері өзге өңірлерді де сүйсіндірген.

«Тек өз облысымыздың ғана емес елдің мәдениетін, өркениетін жаңа деңгейге көтеретін ол сіздер. Ауызбіршілікті бес мың адам, ауызбіршіліксіз елу мың адамның алдын орап кетеді. Сол сияқты алпауыт елдері басып озып, өз мәдениетімізді мықтап көрсетеміз десек, ең алдымен сіздер бір ойлы, бір мақсатты болуыңыз керексіздер. Атқарылған еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз» , - дейді ол.

Шарада жүз алпыстан астам белсенді жастарқа алғыс хаттар табысталды. 

Айта кету керек, биылғы жылы волонтерлар қозғалысы сыбайлас жемқорлықпен де күресуге кірісті.

Дереккөз: Жастарға қызмет көрсету орталығы