Ыстық судың пайдасы және ішу тәртібі

Уақыты: 02.10.2023
Оқылды: 603
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында ыстық су ішудің пайдасы жайлы айтып берді.

Ұлжалғас Сманованың айтуынша, ыстық су ішудің мынадай пайдалы тұстары бар:

  • Өтті сұйылтады, өт қабын тарылудан, бітелуден, қисаюдан қорғайды;
  • Асқазан-ішек жолдарының қызметін жақсартады;
  • Асқазан қышқылдылығын қалыпта ұстайды;
  • Ішекті, асқазанды түрлі қалдықтардан тазалайды;
  • Ауыз қуысынан бастап іштегі микробатарды өлтіреді;
  • Зат алмасу процесін реттейді;
  • Қанды тазартады;
  • Ішқатуды жояды.

Ыстық суды қалай ішу керек?

  • Алдымен сүзгіден өткен таза суды ысытамыз. Қайнатпаймыз. Жай ғана ысытамыз;
  • Судың температурасы ауыз бен таңдай күймейтіндей (шамамен 40-50°C) болуы керек. Қатты ыстық су қауіпті. Өйткені өңеште жүйке рецепторлары жоқ. Сондықтан күйіп қалса да сіз сезбей қалуыңыз мүмкін;
  • Ыстық суды (ашқарынға 1-2 стақан) жаймен ғана ұрттап ішу керек;
  • Суыңызға аздап лимон сығындысын қоссаңыз, суыңыз пайдалы бола түседі.

Дереккөз: massaget.kz
Фото: ғаламтордан алынды