73 жастағы қазақстандық саяхатшы Атыраудан Түркияға жаяу жетті

Уақыты: 04.10.2023
Оқылды: 745
Бөлім: КҮНДЕРЕК

73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияның Самсун қаласына жаяу жетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Түркияға сапарын қазақстандық зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев Атыраудан 2 тамызда бастаған. Саяхатшы Instagram желісіндегі парақшасына Түркияның Самсун қаласына жеткені туралы жазба жариялады. 

"Әсем порт қаласы Самсунда өзіміздің қазақстандық студенттермен кездесу", - делінген жазбада.

Айта кетейік, қарт саяхатшы сапарының егжей-тегжейін Желідегі парақшасына жариялап отырады. Ол әлемді жаяу жүріп саяхаттауды былтыр Қазақстанның көрікті жерлерінен бастаған. Түркиядан соң Франция, АҚШ-қа жоспарланған 180 күндік сапарын бастайды.

Фото: instagram.com/ulytaumen