ҚазҰУ-да Кемел Тоқаев атындағы аудитория ашылды

Уақыты: 04.10.2023
Оқылды: 743
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Кемел Тоқаев атындағы аудиторияның ашылуы өтті. Одан бөлек "Детектив дарабозы" кітабының тұсаукесері болды.

Сондымен қатар жазушының қызмет жолы мен шығармашылығына арналған фотокөрме мен деректі фильм көрсетіледі.

Жиында сөз алған ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.:

"Детектив жанры әсіресе, ер балаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Осы жанрды әрі қарай дамыту қажет. Ол мемлекетіміздің қалыптасуына үлкен әсер етеді", - деді

Жазушы Кемел Тоқаев 1923 жылы Жетісу облысы Қаратал ауданында туған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Түрлі басылымдарда, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған. Шығармаларының басым бөлігі – детектив жанрында. Кемел Тоқаев 1986 жылы дүниеден озды.

Дереккөз: azattyq.org