Бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 06.10.2023
Оқылды: 707
Бөлім: КҮНДЕРЕК

6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазгидрометтің мәліметінге ел аумағының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Барлық өңірде тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады.

Атап айтқанда, Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.

Фото: ашық дерекккөзден