"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі қайтадан кинотеатрларға прокатқа шығатын болды

Уақыты: 06.10.2023
Оқылды: 893
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі қайтадан кинотеатрларға прокатқа шығатын болды. Бұл туралы осы жобалардың бас продюсері Айсәуле Әбілда айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оның сөзінше, көрермен сұранысына байланысты фильм көрсетілімі тағы бір аптаға ұзарған.

"Сүйінші… Қуан, қазақ! Көрермен сұранысына байланысты "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілім мерзімі тағы бір аптаға ұзартылды. Енді барып үлгеріңіздер", - деп жазды Айсәуле Әбілдә.

Еске салайық, бұған дейін "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі Қазақстанда прокаттан алып тасталуына қатысты шығармашылық топ пікір білдіргені хабарланған еді. 

Фото: Айсәуле Әбілда ұсынған сурет