Тұман, жел, жаңбыр — бүгінгі ауа райы болжамы

Уақыты: 09.10.2023
Оқылды: 645
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 9 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

"ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі: жаңбыр жауады; батыста түнде қатты жаңбыр болып, найзағай ойнайды. Республика бойынша екпінді жел соғып, солтүстік-батыста және шығыста тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады" делінген хабарламада.

Сурет: ашық дереккөзден