Талдықорғанда қыз бен жігіт көлікте уланып жазым болды

Уақыты: 09.10.2023
Оқылды: 914
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда жабық көлік тұрағынан екі жастың денесі табылды. Олар газдан уланып қалған деген ақпарат тарады

Дәлірек айтқанда, әлеуметтік желіде жер үйлердің бірінің жеңіл машинаға арналған жабық тұрағынан жас жігіт пен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған. Жазба авторының айтуынша, мерт болған екі жас от алып тұрған көлікте ұйықтап қалған.

Осы ретте, қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі бұл фактіні растап, өз болжамдарын жеткізген. Алдын ала болжам бойынша, жастар улы газ салдарынан көз жұмған делінген.

Қазір аталған жайға байланысты тексеріс жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

фото: pichold.ru