"Жолдарды жөндеу – шешілмейтін мәселе": Депутат көлік министріне шағымданды

Уақыты: 12.10.2023
Оқылды: 508
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Ислам Сұңқар Көлік министрлігі тарапынан жолдарды жөндеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды сынға алды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz   сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Жолдарды жөндеу – шешілмейтін мәселе. Көптеген жоба бар: Қарағанды – Алматы, Күрті – Қапшағай, Талдықорған – Өскемен, Үшарал – Достық және т.б. Өткен жылы министрлік бұл жолдарды жөндеу 2023 жылы аяқталады деп мәлімдеген. Қазір қазан айы болды. Екі ай қалды. Жобалар аяқтала ма?", – деп сұрады депутат Ислам Сұңқар.

Көлік министрі Марат Қарабаев Үшарал – Достық жолының 180 шақырымы биыл аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі деп жауап берді.

"Астана-Алматы бойындағы жолдардың жалпы ұзындығы 946 шақырымды құрайды. Биыл өткелді толық қамтамасыз етеміз, келесі жылы пайдалануға беруді шешеміз. Біздің Құрты – Бурылбайтал қауіпті учаскесі 127 шаршы шақырым. Бірақ оны аяқтау үшін келесі жылы жұмыс істейміз. Талдықорған-Өскемен 768 шаршы шақырым. Биыл жоба толығымен жүзеге асып, келесі жылы аяқталады", –  деді Марат Қарабаев.