"Бұған дейін де қала әкімдігіне айтқанбыз": Талдықорғанда жол апаты орын алды

Уақыты: 12.10.2023
Оқылды: 731
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласының "Болашақ" шағын ауданында болған жол апаты таспаға түсіп қалған, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Журналист Есболат Айдабосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш қилыста жиі апат орын алатына жайлы жазба қалдырды.

Бұған дейін де жазғанбыз, қала әкімдігіне айтқанбыз. Жылына жиырма шақты көлік соқтығысады осы қиылыста. Әзірге адам өлген жоқ. Бағдаршам да қойылмай тұр. Үлкен жолдың ұзындығы қысқа, кіші жол ұзын. Кіші жолмен келе жатқандар менің жолым үлкен деп ойлап қалады-ау, үнемі ұрылады. Жаяу жүргіншілер үшін де қауіпті аймақ, соғысқандар екіпінмен келіп таптап кетуі мүмкін, - дейді ол.

Оқиғаға қатысты Талдықорған қаласының әкімдігі жазбаға пікір қалдырып, назарда болатынын жазды.

Аталған мәселе біздің назарымызда. Биылғы жылдың өзінде қала тұрғындарының сұранысын ескере отырып  16 жаңа бағдаршам бұрын болмаған көше қиылыстарына орнатылды, - деді.

Әуелі өте керек жерге қою керек, оны алты жерге қойылғаны не керек, қауіпті жерлер еленбесе, - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Фото: видеодан алынған кадр