Қайрат Боранбаевқа тиесілі мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті

Уақыты: 13.10.2023
Оқылды: 595
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz сайтының ақпаратына сүйеніп хабарлайды. 

Мемлекет меншігіне өткен компанияның 100% акциясының жалпы құны 35,4 млрд теңгеге бағаланған.

"Акционерлер жалпы құны 35 417 122 000 теңгені құрайтын қоғамның 13 749 100 жай акциясын (100%) мемлекет меншігіне ерікті түрде және өтеусіз өткізу туралы шешім қабылдады", – делінген KASE Қазақстан қор биржасының сайтында.

Phystech II кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орны. БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, бұған дейін компания тек шығын әкелген.

Фото: mcdonalds.kz