"Үсік жүреді": Бүгінгі ауа райы

Уақыты: 16.10.2023
Оқылды: 403
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет ел аумағында 16 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Еліміздің басым бөлігі антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, екпінді жел соғады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", - деп жазды синоптиктер.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде топырақ бетінде, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Фото: ғаламтордан