Ресми: Қазан айында зейнетақы 65 теңгеге көбейді

Уақыты: 16.10.2023
Оқылды: 1192
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елімізде орташа зейнетақы 65 теңгеге өсті. Бір ай бұрын зейнетақының орташа мөлшері 120 923 теңге болған еді.

"2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 477,6 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 717,5 млрд теңге қарастырылды".ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 312  мың адам.

Фото: Zakon.kz