Халықтың несиесін кешірген дұрыс болмады – депутат

Уақыты: 20.10.2023
Оқылды: 1217
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Несие кешіру азаматтарға теріс ықпал берді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

«Президенттің бастамасымен 500 мың адамның қарызын кешірілді. Алайда, ақпараттарға сүйенсек,  несиесі кешірілген адамдар, сол айда келіп қайта несие алуда. Қазір несиемізді қашан кешіреді екен деп күтіп жүрген адамдар да пайда болды. Сондықтан несие кешіру халқымызға теріс ықпал берді. Қарыз алғаннан кейін оны қайтару керек», – деді депутат.

Депутаттың сөзінше, қарыз алудың өзіндік мәдениеті бар. Әрбір адам несие аларда оны қайтара алу мүмкіншілігін сынауы керек.

«Егер жылдан-жылға қарызды кешіре берсек, ешкім қарыз қайтармайтын болады. Сондықтан ондай жағдайға әкелмеу керек, бұл дұрыс емес»,– деді Берік Бейсенғалиев.

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі