Синоптиктер алдағы екі күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады

Уақыты: 24.10.2023
Оқылды: 455
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Синоптиктер 24-26 қазанға арналған ауа-райы болжамын жасады.

Метеорологтар мәліметінше, солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындағанын еске салады. Алдағы күндері жел, көктайғақ, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

"Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында күннің салқындауына алып келеді. Мәселен, республиканың батысында түнде температура - 6 градусқа төмендейді, солтүстік-батыста -0-7 аязға дейін, елдің солтүстігінде - 5 градусқа дейін аязды болады", - делінген хабарламада.

Фото: canva.com