Сарқандықтар Республика күнін атап өтті

Уақыты: 24.10.2023
Оқылды: 619
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Сарқандықтар аудандық Мәдениет үйінде тұғыры биік Қазақстан Республикасы күнін ерекше салтанатпен атап өтті.

Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Асқат Қалиасқаров жиылған қауымды құттықтап, тәуелсіздік жылдары еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, елiмiзбен бiрге Сарқан өңірі де өркендеп, дамып келетiнін мақтанышпен айтап өтті.

"Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат", - деді.

Шара марапаттау рәсімімен жалғасып, сарқандықтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Асқат Мейрамғалиұлы ауданды дамытуға қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік наградалар мен облыс және аудан әкімдерінің алғыс хаттарын табыстады.

Сонымен қатар, бірқатар азаматтар ҚР мәдениет және ақпарат министірлігінің және денсаулық сақтау министрлігінң "Тұғыры биік тұлға" , "Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін" "Қайырымдылық үшін" төсбелгілерімен бірге Тәжік ауған шекарасына енгізілуіне 30 жыл толуына орай мерекелік төсбелгілерімен марапатталды.

Шара патриоттық рухтағы мерекелік концертпен түйінделді.

"Жетісу-Ақпарат"