МҰЗ АЙДЫНЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 25.10.2023
Оқылды: 697
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Республика күніне орай Талдықорғанда "Jetysu arena" мұз айдыны ашылды. Салтанатты ашылуына қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, тілегін білдірді. Арена Халықаралық талапқа сай. Бұл жерде шорт-трек, хоккей, мәнерлеп сырғанаумен айналысуға болады. 

- Облыста бұқаралық спортты дамытуға тұрақты қолдау көрсетіліп, биыл осы салаға бюджеттен 20,5 млрд. теңге бөлінді. «Жетісу арена» мұз аренасын салуға жергілікті кәсіпкер 867 миллион жеке инвестиция құйып, бүгін сол көрнекті спорт нысанын іске қосып отыр.  Осы ретте Талдықорғанда қысқы спортты дамытуға қосып отырған зор үлесі үшін кәсіпкер Мұхаметжан Серікұлына шынайы алғысымды білдіремін, - өз сөзінде Ернат Дүйсенбекұлы. 

Мұз айдынында белгілі спорт түрлерімен қатар параолимпиадалық, яғни шаналы хоккейге де жағдай жасалып отыр. Хоккейдің бұл түрімен айналысуға арналған мұз аренасы елімізде екеу ғана.

Оның бірі Астанада болса, екіншісі – бүгін Талдықорғанда ашылып отыр. Жалпы облысымызда 
қысқы спорт түрлерімен  1,4 пайыз адам айналысады.

Серік ҚАНТАЙ