Республика күні. Сала үздіктерін құттықтады

Уақыты: 25.10.2023
Оқылды: 647
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Балпық би ауылының орталық алаңында Республика күні аталып өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Марлен Көлбаев Көксу ауданының тұрғындарын мерекемен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында ауданның ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласының дамуына елеулі үлес қосып, аудан халқын талқысы мол қиындықтардан алып шығып, нұрлы болашаққа бастайтын жолда еселі еңбек сіңірген жерлестерімізді, әр сала үздіктерін құттықтады.

Жетісу облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар AMANAT» партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Бейсенов Малик Аманбайұлы, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Байұзақова Жанар Қанатқызы, аудандық орталық ауруханасының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Канаева Мира Тоқтамысқызы, Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Карбаев Мади Мырзатайұлы бар. 

Жетісу облысы әкімінің Алғыс хатымен «Гусеновых» шаруа қожалығының басшысы Гусенов Шахгусен Аббасович, «Көксу жылу-су сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Жунусов Қуат Алдибекұлы, «Мұқыры» халық театрының жетекшісі Арыстанбаева Мақпал Кимқызы марапатталады. 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Көксу аудандық ауруханасының жан  сақтау бөлімінің меңгерушісі Жақсенова Злиха Каңлыбайқызы наградталады

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің «Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін» Құрмет грамотасымен Көксу аудандық ауруханасының фельшері Исаканов Нұрбек Еділұлы марапатталады

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің  Алғыс хатымен  Көксу аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы Атыгаева-Қазтаева Айнұр Бозынбайқызы марапатталады.


“Құрметті азаматы” атағы берілді

Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан бір топ азаматтарға «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағы табысталды.

Аудандық мәслихаттың шешімімен «Көксу ауданының Құрметті азаматы» атағы мемлекеттік қызметтің ардагерлері, ардагер құрылысшылар, білім мен ауылшаруашылығы саласының ардагерлеріне берілді. Аудан әкімі Марлен Көлбаев азаматтарға ауданның «Құрметті азаматы» төсбелгісі мен куәлігін салтанатты жағдайда табыс етті.

Лабасы ауылдық округінің тұрғыны Тулебаев Абай Нұрсагитұлына, ақсақалдар алқасының мүшесі Гаджиев Гадживали Аббаскулуевичке, Алғабас ауылдық округінің тұрғыны Нусупова Макура Абдуакасовнаға, Тулекенов Мұратбек Баянұлына, Мұраталинова Бақтыбала Рахметолдақызына, Кузбаева Қатира Жылкелдіқызына, Тұрыспаев Талғат Оспанқұлұлына, Ерімбет Еділбек Талқанбайұлына, Далелхан Жанишұлына берілді.

"Жетісу-Ақпарат"