Бүгін Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Уақыты: 30.10.2023
Оқылды: 460
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 30-ы күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, республиканың басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен күн қбылмалы болады.

Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз республиканың шығысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Фото: ашық дереккөзден