Қазақстанда әйелдер саны ерлерден жарты миллионға көп

Уақыты: 30.10.2023
Оқылды: 670
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда әйелдер саны ерлерге қарағанда көбірек екенін анықтады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп хабарлайды. 

Деректерге сай, елімізде әйелдер саны ерлерге қарағанда жарты миллионға (536,3 мың адамға) көп.

“Пайыздық мәнде ерлер үлесі 48,6 пайызды – 9 324 840 адам, әйелдер – 51,4 пайызды 9 861 175 адамды құрайды. Алдыңғы санақпен салыстырғанда ерлер саны 1,6 миллионға, әйелдер саны 1,5 миллионға артқан. Мәселен,1000 әйелге 946 ер адам келеді”, – делінген хабарламада.

Бұл ретте ерлер мен әйелдердің саны тек екі облыста – Қызылорда және Түркістан облыстарында әр 1000 әйелге сәйкесінше 1006 және 1027 ер адамнан келеді.

Бір қызығы, 15-19 және 20-24 жас санаттарында әйелдер мен ерлер саны өткен санақпен салыстырғанда аз. 

Фото: ашық дереккөзден