ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Уақыты: 03.11.2023
Оқылды: 483
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Енді аталған ұйым зияткерлік ойынымызды аймақта дамытуға күш салады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Себебі қазір өңірдегі 3 ауданда ғана арнайы жаттықтырушы бар. Ал Текелі қаласы мен 5 ауданда қызметтік штат мүлдем жоқ. Сол себепті білікті мамандарды жұмысқа алып, жасөспірімдердің қызығушылығын ояту қажет. Ол үшін төрт мыңжылдық тарихы бар спортымыз тұрақты түрде насихатталуы тиіс. Мектепшілік, аудан-қалалық және облыстық жарыс нәтижесінде команда жасақталуы тиіс екенін мәлімдеді облыстық федерация өкілдері.

Жұмысты мемлекеттік органдармен байланыстан бастағалы отырмыз.  Себебі ол жерде не бар? Ол жерде бюджет бар. Бюджет штат бар деп жатырмыз ғой. Оны мен зерттеп көрдім. Шешетін жолдары бар. Ынта-ықылас жүгеру керек. Сол жағынан дамытамыз деп отырмыз. 600 мың халқы бар 180 бала 8 жаттықтырушымен жұмыс істеп жатыр. Бұл өте аз. Сондықтан жұмысты жүйелейтін боламыз, - деді облыстық тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Ришат Асқарбекұлы.

Фото: ашық дереккөзден