"Бұл – менің жаңа досым": Мемлекет басшысы Димаш Құдайбергенге бағалы сыйлық берді

Уақыты: 06.11.2023
Оқылды: 501
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы қазақ ән өнерін әлемге танытып жүрген талант Димаш Құдайбергенге ерекше сыйлық берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл жайында әнші сыйлық Instagram парақшасына жариялады.

“Достар, танысып қойыңыздар, бұл – менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни, тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған Жеті қазынаның бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді. Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. "Тазы" атауы парсы тілінен енген, мағынасы – "шапшаң", "епті", – деп балаша қуанды әнші. 

өз кезегінде ол мұндай қымбат сыйлық үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

Фото: Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан