Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Уақыты: 13.12.2023
Оқылды: 489
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 13 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысының Алакөл ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады 15-20 м/с екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады.

Алматыда түнде 23-25 градус қатты аяз, 14 желтоқсанда түнде 25-27 градус қатты аяз.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысында шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Түнде облыстың шығысында 20 градус қатты аяз болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын.

Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз.

Фото: newsroom.kz