Су тапшылығын қалай шешеміз? Министр жауап берді

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 475
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Су тапшылығын шешу мәселесі туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтып берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

«Бүгінде біз 25 текше шақырым суды пайдаланып жүрміз. Оның 65 пайызы ауыл шаруашылығына, 25 пайызы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жұмсалады, ал 5 пайыздан астамы тұрмыстық қажеттіліктерге кетеді. Қазір ауыл шаруашылығында суды үнемдейтін технологиялардың түрлері қарастырылып жатыр. Бұл 2030 жылға қарай 10 мың текше шақырымға дейін суды жинақтап, үнемдеуге мүмкіндік береді»,- деді министр.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын 100 текше шақырымнан астам су өндіріледі. Оның 54 пайызы ел аумағында болса, 46 пайызы трансшекаралық өзендерден келеді.

Дереккөз: “Адырна” ұлттық порталы.
Фото: egemen.kz