Жетісудағы «Азаматтарға арналған үкімет» миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетті

Уақыты: 25.12.2023
Оқылды: 568
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2018 жылдың мамыр айында  халыққа қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, жер кадастры ғылыми-өндірістік және зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтары біріктіріліп, ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік  қоғамы болып қайта құрылды. Бүгінгі күні аталған мекеме өзіне жүктелген міндетті қаншалықты атқарып жатқаны жайлы ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік  корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиал директоры Самат Иманғалиев баяндады.

Айтылған корпарацияның штаттық кестесінде жұмыс істейтін 643 маман осы жылдың қарашасына дейін облыс бойынша 410 502 өтініш қабылдап, тұрғындар қолына 432 334 дайын құжат берген. Сонымен қатар, өз-өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы 1  миллионнан астам  кеңес беріп, 949 050 қызмет көрсетті.  Халық ең көп жүгінген мемлекеттік қызметтің бірі - Қазақстан Республикасының ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу мәселесі. Жалпы адам саны 84 526.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үйіне бару арқылы қызмет көрсетеді. Биыл ерекше жандар тарапынан HelpDesk жүйесі арқылы барлығы 555 өтініш түсті, оның ішінде 540 азаматқа қызмет көрсетілді. Қалған 15 азаматтарға құжаттар топтамасы толық болмауы, өз еркімен қызмет алудан бас тартуы, әрекетке қабілетсіз болуы сынды себептермен көмек бере алмадық. Корпорациямыздың фронт офистері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілгеннен кейін әр қызмет алушының ұялы телефонына смс-сауалнама түседі. Олар оған жауап беру арқылы көрсетілген қызметтің сапасын бағалайды. Бүгінгі күнге дейін 158 061 пікір қабылданды. Оның ішіндегі теріс пікірлердің саны 499-ға жетті. Бұл ретте, барлық фронт-офис басшылары experience жүйесіне шағым түскен сәтте бірден шағымданушыға қоңырау шалып, туындаған өзекті мәселесін шұғыл қарастырады», - дейді корпорация басшысы.

Сонымен қатар, қызмет алушылар мемлекеттік корпорацияның сервисіне қатысты  1414 бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы  42  арыз-шағым қалдырған. Самат Иманғалиев адамдар көбіне басқа аудандардан  өңір  орталығының  мемлекеттік  қызмет  көмегіне жүгініп келеді. Кейде құжатының толық болмауына байланысты жұмысы аяқталмағаннан  кейін  ашуланып,  теріс  пікірлер  қалдырып жататынын айтты. Деседе азіргі таңда халыққа ыңғайлы болу үшін қалып қойған құжаттарын азаматтардың тұрғылықты мекен жайындағы филиалға хабарласып, электронды түрде жеткізіп алып жатырмыз деп сөзін тәмамдады.

Сурет: gov.kz-тен көрнекілікке алынды