МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 25.12.2023
Оқылды: 550
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жуырда аудандық Мәдениет үйінде энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.                 

Бұл еліміздің энергетикалық кешенін құруға, энергетика саласын дамытуға және қызмет көрсетуге өз өмірін арнаған жандардың мерекесі. Бұл сала біздің елдегі экономиканың флагманы саналады.

Себебі экономиканың барлық басқа салаларының өмірге икемділігі, үйдегі жайлылық, жылу және жарық энергетикаға тікелей байланысты екені бәрімізге мәлім.

Сала қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Жомарт Мынбаев құттықтап, елеулі еңбек атқарып жүрген бірқатар азаматқа аудан әкімінің алғыс хатын табыстап, энергетика саласының маңыздылығына тоқталды.

Сіздердің алтын қолдарыңыз бен білімдеріңіз – біздің ауданымыздың күші. Жылдар бойы жинаған мол тәжірибе бен ұшан-теңіз білімдеріңіз, өсіп келе жатқан жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, осы салаға зейін қойып мықты маман болады деп сенемін деді Жомарт Құситханұлы. Бұл күні энергетиктер буыны атқарған жұмыстар жоғары бағаланып, өңірде межеленген жұмыстар сараланды. Әріптестері арасында жоғары құрметке және қоғамдық мәртебеге ие білікті мамандар жұмыс атқаратын электр жүйелері ұжымдарының атына жақсы тілектерді жаңбырша жауды.

Мерекелік кеш соңы аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы