"Жер қатты өзгеріске ұшырайды": 2024 жылы адамзатты не күтеді?

Уақыты: 28.12.2023
Оқылды: 879
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алдағы жылда әлемде қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Бұл туралы bugin.kz jpost.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтқаны дәл келетін көріпкел Ванга 2024 жыл туралы да болжам айтып кеткен. Бұл жылы әлемде маңызды оқиғалар орын алады.

Балгер 1996 жылы қайтыс болған. Дегенмен алдағы жылдарға болжам жасап кеткен. Ванга осыған дейін Чернобыль апаты, Диана ханшайымның өлімі секілді оқиғаларды дәл болжаған.  

Алдағы жылы лаңкестік жарылыстар көбеюі мүмкін. Ванга 2024 жылдың ең өзекті мәселесі ретінде осы жағдаятты қарастырған. Әлемде алпауыт бір ел ядролық қаруға сынақ немесе шабуыл жасайды деп болжаған. Лаңкестік шабуылдар еуропада көп жасалуы мүмкін екенін айтқан.

2024 жылы Ванга Ресей президенті Владимир Путинге қастандық жасауын болжайды.

Ванга 2024 жылы жаһандық экономикалық дағдарыс болады деп ескерткен. Ол қарыздың өсуі, геосаяси шиеленістің күшеюі және экономикалық қуаттың Батыстан Шығысқа ауысуы сияқты факторларды атап өткен.

Ванга сонымен қатар алдағы жылы ауа райының күрт өзгеретінін, табиғи апаттар болатынын айтқан.  Климаттың бұзылып, радиация деңгейі жоғарылайды. Жер орбитасы қатты өзгеріске ұшырайды.

Ванга Адамзат жер бетінде 5079 жылға дейін өмір сүретінін болжаған. Адамдар 2304 жылы уақытқа саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады. Жерде 2341 жылы өмір сүруге жарамсыз ететін техногендік табиғи апаттар болатынын айтқан.

Фото: INGIMAGE сайтынан алынды. jpost.com