Биыл Жетісу облысына 850 млн теңге инвестиция тартылған

Уақыты: 29.12.2023
Оқылды: 676
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының Саяси кеңес бюросы, Жетісу облыстық мәслихатындағы және Талдықорған қалалық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Жиынға «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының мүшелері, Жетісу облыстық мәслихатындағы, Талдықорған қалалық мәслихатындағы депутаттық фракцияларының мүшелері және Жетісу облысы Талдықорған қаласының әкімі қатысты.

Күн тәртібіндегі «AMANAT» партиясы Жетісу облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде Талдықорған қаласы бойынша Жол картасының орындалуы туралы Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл баяндады.

Қала көлеміндегі бірқатар өзекті мәселелер партияның қолдауымен шешімін тауып келеді. Нәтижесінде биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалып отыр.

Бірқатарын атап айтқанда, өнеркәсіп саласында элеватор керамикалық плиталарды шығару зауыты кеңейтілді.

Нәтижесінде 110 жаңа жұмыс орны ашылып, 850,0 млн теңге инвестициялар тартылды. Ауыл шаруашылығы саласында 12 шаруа қожалығы жалпы сомасы 385,3 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. 

Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 40,0 млн теңгеге 8 қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді. Биылғы 11 айда 131,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,9 есеге жоғары.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында екі Қаратал саяжай қоғамында 18,8 км сумен қамту желілері, Қызыл тас саяжай қоғамында 24,0 км салынды, Ұлан әскери қалашығында 2,3 км сумен қамту және су бұру желілерін қалпына келтіру аяқталды. «Жастар-2» тұрғын ауданында 20,3 шақырым газ құбыры, Ынтымақ ауылында 113,5 шақырым салынды. Білім беру саласында 120 орынды 3 жекеменшік балабақша және 3 балабақшада 135 орынды қосымша топтар ашылды. Ынтымық ауылындағы 1200 орынды мектеп құрылысы аяқталды. Денсаулық сақтау саласында тез салынатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталуда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында қалада 1500 орынға арналған Орталық стадионын қайта жаңарту жүргізілуде.

 Жоғарыда аталған нысандарға фракция мүшелері тарапынан тұрақты түрде мониторинг ұйымдастырылған және бақылауға алынған, осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.