Жоспар толық орындалды

Уақыты: 31.12.2023
Оқылды: 741
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл Жетісуда құрылыс басқармасының бюджет көлемі 44,8 млрд. теңгені құрады. Осы жылдың 11 айында 41,1 млрд. теңгенің 39,5 млрд. теңгесі игерілді немесе 98,6 пайызды құрады.

Ағымдағы жылы білім, денсаулық, тұрғын үй, инженерлік желі, коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы салаларын қамтыған 372 нысанның құрылысы жоспарланған. Жыл соңына дейін 102 нысан пайдалануға берілсе, 270 нысан келесі жылы ел игілігіне асады. Алдағы уақытта 180 жобаның сараптама қорытындысы алынуы тиіс, оның ішінде 82 жобаның жобалық-сметалық құжаттардың оң қорытындысы алынса, жыл соңына дейін 23 жоба осы санатқа қосылады. Ал 75 жоба келесі жылы жүзеге асады.

Биыл ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жоспары бойынша 321,9 мың шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланған. Оның ішінде 162,1 мың шаршы метр жалгерлік және несиелік тұрғын үй мен жатақхана бюджет қаражаты есебінен,  жеке құрылыс салушылар есебінен 22,6 мың шаршы метр, демеушілер есебінен 15,5 мың шаршы метр, жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 121,8 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Осы жоспарды орындау үшін облыс бюджетінен 14,9 млрд. теңге бөлініп, желтоқсан айындағы жағдай бойынша 9,7 млрд. теңге игерілді. Биыл бюджет қаражаты есебінен 237,9 мың шаршы метр 2810 пәтерден тұратын 281 тұрғын үй құрылысы салынуда. Жыл соңына дейін Ақсу, Алакөл, Кербұлақ, Көксу, Ескелді, Қаратал, Панфилов аудандары мен Текелі, Талдықорған қалаларында жалпы алаңы 162,1 мың шаршы метр несиелік және жалға берілетін 1922 пәтерден тұратын 57 үй пайдалануға беріледі.

Білім беру, спорт, денсаулық сақтау, ауылшаруашылғы, мәдениет нысандары мен өрт сөндіру деполарының инженерлік-коммуникациялық желілерін дамыту және жайластыру мақсатында 36 нысанның құрылысына 3,8 млрд. теңге қарастырылған. Оның 2,2 млрд. теңгесін (9 нысан) республикалық бюджеттен, 0,5 млрд. теңгесін Ұлттық қордан (6 нысан), 1,1 млрд. теңгені жергілікті бюджеттен (21 нысан) қаржыландыру көзделген. Биыл 15 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр, қалған 21 нысан келесі жылға өтпелі.

"Жетісу-Ақпарат"