Дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына сыйлық табыстады

Уақыты: 01.01.2024
Оқылды: 898
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толып отыр, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Атаулы датаға орай Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева бірқатар облыстық мәслихат депутаттарымен бірге Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталыққа барып, атаулы мерекенің алғашқы күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарын құттықтап, сыйлықтарын табыстап қайтты.

Осындай айтулы күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналары да қуанышты.

Айта кетейік, Жетісу облысының әр түрлі деңгейдегі мәслихаттары 30 жылдыққа 30 игі шара ұйымдастырмақ. Оның алғашқысы өткен жылы «Өзгеге өмір сыйла» тақырыбында мұқтаж жандарға қан өткізу акциясынан басталған болатын. Жыл соңына дейін осы сынды өзге де түрлі ісшаралар ұйымдастырылатын болады. 

Фото: egemen.kz