Тұман, көктайғақ, екпінді жел - 5 қаңтарға жасалған күн райы болжамы

Уақыты: 05.01.2024
Оқылды: 435
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасын соғып, қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform