Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев Жетісу облысындағы өндірістік орынның жұмысымен танысты

Уақыты: 05.01.2024
Оқылды: 443
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев Жетісу облысына барды. Депутат жұмыс сапарын Талдықорған қаласынан бастап, «Алматинские краски» ЖШС-нің  жұмысымен танысты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Соңғы жылдары Қазақстанда лак-бояу материалдары нарығы айтарлықтай өсті. Республикада импорт өнім азайып келеді, ал елде жұмыс істеп тұрған компаниялар мен концерндер өз дистрибьюторлық желілерін дамытуда. Яғни Қазақстанның барлық өңіріне қызметі мен өнімін таратуда және көрші елдерге де экспорттауда.

«Алматинские краски» ЖШС компаниясы – лак-бояу материалдары мен жол жөндеуге арналған материалдар шығаратын өндірістік компания. Ел аумағында 2009 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.

Өнімдері озық технологиялар бойынша өндіретін зауыт жылына 5000 тонна лак-бояу материалдары мен 6000 тонна термопластик шығарады. Кәсіпорында 100-ге жуық білікті жұмысшы жұмыс істейді. Өндірісті ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалған. 

Кездесу барысында аталған мекеменің орынбасары Римма Аждарқызы Салыкова мәжілісменге отандық өнімдерді барынша қолдау табуы қажет екенін жеткізді.

«Қазіргі заманғы нарықтық сауда жүйесінің  міндеті - сөрелерде отандық өнімдердің тұрақты түрде қолдау тауып, сатылымда болуы маңызды.   «Алматинские краски» ЖШС өнімдері жаңа озық технологиялар бойынша өндіріледі. СТ-KZ шығу сертификаты бар. 2010 жылы кәсіпорында ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі енгізілді, соның негізінде компанияға сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты берілген. Осы сертификаттар алдағы уақытта күшін жоймауын және ұзақ мерзімді келісімшарттар  жасау қажеттілігін қолдау қажет деді», - Римма Аждарқызы.

Өз кезегінде мәжілісмен мекеме қызметкерлерінде толық қолдап, мәселені толықтай қолына алатынын жеткізді.

Қазіргі уақытта зауытта ыдыс, лак-бояу және термопластика өндіретін цехтар жұмыс істейді. 

Дереккөз: Azattyq Ruhy.