Қазақстандық пилот бүкіл әлемді таңғалдырды

Уақыты: 05.01.2024
Оқылды: 415
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Лондондағы “Хэнк” дүлей дауылы кезінде Air Astana ұшағы аспанда тербеліп, әуежайға сәтті қонған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Лондонның Хитроу әуежайынан түсірілген көріністе отандық әуе компаниясының ұшағы аспанда тербеліп барып, жерге қонып жатыр. Оқиға куәгерлері пилоттың шеберлігіне таңданысын жасырмады.

Бұл соңғы үш айда тіркелген сегізінші табиғи апат. Оған “Хэнк” деген атау берілді. Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жетіп, халықты әбігерге салды. Шатырларды құлатып, ағаштарды түп тамырымен жұлып әкетті. Жеңіл көлік және теміржол қатынасы тоқтады. Су тасқыны туралы 250-дей ескерту жасалды, мыңдаған абонент жарықсыз отыр. Тұрғын үйлер судың астында қалып, халықтың өміріне қауіп төнді, - деп жазды  Kazinform тілшісі.

Сурет: news.milli