Халық қалаулылары шекара бөлімшесіне барды

Уақыты: 05.01.2024
Оқылды: 643
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісуға арнайы іссапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Халық қалаулылары Ғалиасқар Сарыбаев пен Амангелді Толамисов алдымен ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Алмалы-су» шекара бөлімшесіне барды.

Депутаттар аталған әскери ұжымның жауынгерлік қызметімен танысты. Шекарашылармен сұхбат жүргізді. Қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарын тыңдады.

Кездесу соңында қырағы шекарашылардың ел тыныштығын күзеткен абыройлы қызметтеріне толағай табыс тіледі.  

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті