ЖАҢА КӨПІР САЛЫНДЫ

Уақыты: 08.01.2024
Оқылды: 499
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанның іргесіндегі Балықты саяжайында жаңадан салынған көпір қолданысқа берілді. Бұл қуанышқа қала әкімі Ернат Бәзіл ортақтасып, тұрғандарды құттықтады. 

Ернат Дүйсенбекұлы екі ай бұрын саяжай тұрғандарымен жолыққанда көпір мәселесі жиі айтылып, осыған дейін шешілмей келе жатқан іс болатын. Әсіресе, көктеммен күзде тұрғындарға қиындық туғызып, еріген қардың суы өткелді басып қалатын. Тез арада қабылданған шешім мен құрылған жоспардың арқасында аз уақыттың ішінде жаңа көпір салынып, қолданысқа беріліп отыр. Көпірдің ені ­– 4 метр болса, ұзындығы 30 метрді құрайды. Жалпы құны – 19 миллион теңге. Енді саяжайға келгендер кедегрісіз көпірден өтеді.

­- Қанша жылдан бері осы мәселені көтеріп келгенбіз. Әкім уәдесінде тұрып жаңа көпір салып беріп жатыр. Балалар үшін қауіпсіз болды. Тұрғындар атынан алғыс білдіремін, - деді Марат Дүйсенбеков. ­­

 

Қали АСҚАР
Фото: https://www.instagram.com/p/C1uNtndIeg9/