ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ФЕРМЕРЛЕРІ 2024 ЖЫЛЫ ҚАНДАЙ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРАДЫ?

Уақыты: 10.01.2024
Оқылды: 619
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Өңірдегі фермерлер тек бес жобаны іске қосады, олардың төртеуі сүт-тауарлы фермалар. 

Кербұлақ ауданындағы «Абай» шаруа қожалығы 800 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын ашпақ. Құны 480 миллион теңгені құрайтын жоба қазірдің өзінде 55 пайызға дайын.

Дәл осы Кербұлақ ауданында «Қызылшоқы» ЖШС тағы бір сүт-тауарлы фермасын ашуды жоспарлап отыр. Өндіріс қуаттылығы 400 бас сиыр, жобаны іске қосу құны 2 млрд.

Панфилов ауданында «Көбенбаев Оралбек Жайлаубайұлы» шаруа қожалығы 500 басқа арналған бордақылау алаңын іске қоспақ. Құрылыс 2020 жылдан бері жүргізіліп келеді, жалпы құны 565,8 млн теңге.

Осы ауданда «Айсұлтан» шаруа қожалығы 200 басқа арналған сүт фермасын іске қосуды жоспарлайды. Жобаны жүзеге асыруға 180 миллион теңге жұмсалады.

Көксу ауданында «Береке» шаруа қожалығы 100 млн теңгеге 100 басқа арналған сүт-тауарлы ферма шаруашылығын іске қоспақ.

Дереккөз: World of NAN