Көктайғақ, боран — 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 403
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 11 қаңтар, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Оған сенсек, Қазақстанның басым бөлігі әлі де көп ылғал қоры бар атлантикалық циклон ықпалында болады.

Соның салдарынан негізінен қар жауып, бұрқасын соғады.

Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, кей аудандарда қар аралас жаңбыр жауады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты екпінді жел тұрады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында күндіз жел екпіні 30 м/с асады. 

Фото: sputnik.kz