Қаржылық сарапшыларды жалдау туралы хабарландыру

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 418
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысының «Қарызсыз қоғам» жобасының тәжірибесін тарату жөніндегі тапсырмасына сәйкес, халықтың қаржылық сауаттылығын оқыту еліміздің барлық өңірлерінде және Республикалық маңызы бар қалаларда жүргізіледі. Бұл бағытта өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан нәтижелі өтті.

«AMANAT» партиясы жанындағы жобаның Орталық жобалау кеңсесі халықты оқытуды жүргізу үшін қаржы сарапшыларын жалдау туралы хабарлайды.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:
- қаржы және экономика саласында жоғары білімнің болуы;
- бизнес-жаттықтырушы ретінде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Excel-де қаржылық модельдер құра білу;
- қазақ және орыс тілдерін еркін білу;
- ауыл тұрғындары үшін тренингтер өткізу тәжірибесі кемінде 1 жыл;
- екі ұсыныс хат.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 8-19 қаңтар аралығында өтеді.

 Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталады. Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады. Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т. б. үйренесіз.

Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз, егер сіздің шоттарыңызға тыйым салынған болса, сіздің қарызыңыз коллекторлық компанияға сатылған болса, сізге несиелік қарызды қайта құрылымдау қажет және т. б.

Барлық құжаттарды электронды мекенжайымыз   kzulydala@gmail.com адресіне  жіберуді ұмытпаңыз. 

Сурет: azattyq-ruhy.kz