Қазақстанда автомобильмен тасымалдауға рұқсат бланкілерінің жасанды тапшылығы туындауда – Көлік министрлігі

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 619
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда автомобильмен тасымалдауға рұқсат бланкілерінің жасанды тапшылығы туындауда . Бұл рұқсат бланкілері көлеңкелі нарықта қайта сатылуда, деп хабарлайды Көлік министрлігі.
 

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының Шетелдік рұқсаттар бланкілерін берудің жаңа тетігін қамтитын «Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобиль көлігімен тасымалдауға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» жобаның құжататында мемлекеттік орган рұқсат бланкілерін тарату жүйесіндегі еркін бәсекені қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуды шектейтін, яғни, көлеңкелі нарықта бланкілердің жасанды тапшылығын туғызатын мәселелерді жояды және оларды қайта сатуға мүмкіндік беремейді, - делінген хабарламада. .

Ақапаратқа сәйкес, сарапшыларға және салалық қауымдастықтар Kazlogistics, KazATO  және «Атамекен» АЭС өкілдеріне қазақстандық тасымалдаушылар арасында шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі таныстырылды.

Атап айтқанда, CATTK көлік құралдарының тасымалдау тарихы мен қызметіне шектеулерді алып тастауды, белгілі бір тапсырыс болған жағдайда кез келген отандық тасымалдаушыға бланкілерді беруді, бланкілерді көлеңкелі нарықта қайта сатудың барлық алғышарттарын жоюды, бланкілерді беру туралы шешімдер қабылдау үдерістерінен көліктік бақылау инспекцияларын алып тастау, сондай-ақ бланкілерді пайдалануды қашықтықтан  бақылауды енгізу.

Фото: kaztag.kz