Жетісу облысында қар құрсауынан 39 адам құтқарылды

Уақыты: 14.01.2024
Оқылды: 452
Бөлім: КҮНДЕРЕК

12 және 13 қаңтар ауа райының қолайсыздығына, нашар көріну жағдайына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолында қарлы боранда 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалды.

Бұл туралы 7-su.kz желілі басылымы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖД күштерімен қар құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды. 

15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды. Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық ЖЖМ және азық-түлік қоры болған.