Кербұлақ ауданында су тасқынына дайындық пысықталды

Уақыты: 16.01.2024
Оқылды: 684
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Өңірде алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық ерте басталды. Аудан әкімі Қанат Есболатов бастаған топ Арқарлы ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл халқымен өткен жиында тұрғын үйлерді су тасқынынан қорғау үшін су арнасына бөгет арқылы арна жүргізу қажеттігі түсіндірілді. Еске салайық, өткен жылы маусымда Арқарлы ауылында жауын-шашынның мол жаууы салдарынан үш үйді су басу дерегі орын алған болатын. 

Көлбеу ағындарын бұру үшін ұзындығы шамамен 2 500 метр арна жүргізуге «Арқарлы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл тұрғындарына демеушілік көмек көрсетуде. Ауа райы температурасының кенет көтерілуі, қардың жылдам еруі, нөсер жауынның жаууы, мұздың кептелуі сияқты басқа да құбылыстар су тасқыны мен су басу салдарына әкелуі мүмкін қауіпті табиғи құбылыс. Сондықтан, ерте қамданғанның қапы қалмайтынын ескерген жөн.

А. Ыбырай
Кербұлақ ауданы

Фото: inform.kz