Ресми. Жастарға 9 миллион теңгеден беріледі

Уақыты: 18.01.2024
Оқылды: 834
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жастарға 9 миллион теңгеден беріле бастайды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы "Евразия" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қомақты қаражат "Серпін" бағдарламасымен білім алғандар арасында бюджеттік несие ретінде үлестіріледі. Бірақ бәріне бірдей емес. Тек ауылға барып жұмыс істеуге  дайын қыз-жігіттерге ғана беріледі.

Бұл үшін қазынадан 30 миллиард теңге бөлу көзделген. Жоспар бойынша биыл 3,6мың жас осындай мемлекеттік қолдауға ие болады. Олар бұл қаржыға тұрғын үй сатып алады немесе салады.

Фото: qaz365.kz