Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы тағайындалды

Уақыты: 27.02.2024
Оқылды: 337
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Айдар Маусымбайұлы Кибаев Жетісу облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Айдар Маусымбайұлы Кибаев

1968 жылы туған. Жоғары білімді. Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын Киров аудандық автобазада жүргізуші болып бастады.

Әр жылдары Алматы облысының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының Талдықорған аймақтық орталығының кезекші диспетчері, Талдықорған қалалық ТЖ басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, Алматы облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бас маманы, Ескелді ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің, жалпы және қаржы шаруашылық бөлімінің әскери-жұмылдыру жұмыстары, бастапқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, Алматы облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы, Жетісу облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың тамызынан – Жетісу облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы.