Осы айдағы ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Уақыты: 13.03.2024
Оқылды: 389
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар наурыз мерекесінде, яғни 21-25 наурыз аралығында да орталықтар азаматтарды қабылдамайды.

Дегенмен, кезекші орталықтар сенбіде, яғни 9 наурыз күні және 25 наурыз күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі жұмыс режиміне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, кезекші орталықтар – жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Кезекші орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ, 1414 телефоны арқылы білуге болады.