МЕРЕКЕЛІК ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 19.03.2024
Оқылды: 434
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдасы әзірленді. 14-23 наурыз аралығында халықтық мерекені тойлауға арналған Наурызнама онкүндігі жарияланды.

Осыған орай, Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 2024 жылдың 14-18 наурыз күндері ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және аталған министрліктік Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлесіп 14 наурыз – Көрісу күні мерекесіне және 18 наурыз Ұлттық киім күніне орай іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға жиылған екі департаменттің ұжымы бір-біріне ыстық ықыластарын білдіріп, тілектерін жеткізді.

Тағылымды іс-шараға қатысқан департамент басшылары Бибигүл Омарова және Айдос Дауешев мерекемен құттықтап, Амал мейрамының мән-мағынасы мен тарихына, оның құндылықтарына айрықша тоқталып өтті. Сала басшылары Ұлттық киім күні - ұлттық мәдениетті сақтауға және насихаттауға мол септігін тигізіп, халық мұрасының маңыздылығын еске түсіріп, бірлігімізді арттыра түседі деп атап өтті.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: gov.kz