Денис Евсеев жұптық сында Испаниядағы жарыстың ширек финалына өтті

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 416
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Мурсия (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Британдық Ян Хойнскимен жұптасқан Д.Евсеев алғашқы айналымда испаниялықтар Хавьер Барранко Косано – Пабло Льямас Руиспен шеберлік таластырды.

Испаниялық жұп корт иелері болғанымен, Д.Евсеев – Я.Хойнски айқын басымдылықпен ұтты – 6:1, 6:4. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде қазақстандық-британдық дуэт 3 эйспен бірге 3 брейк-пойнттан шашау шығарған жоқ.

Денис Евсеев – Ян Хойнски жартылай финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, франциялық Тео Аррибаж – румыниялық Виктор Влад Корня немесе пәкстандық Айсам-уль-Хак Куреши – испаниялық Давид Вега Эрнандес жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Денис Евсеев жекелей сында іріктеу сайыстарының жартылай финалында күтпеген жерден Грузия өкілі Николоз Басилашвилиге жол беріп, негізгі додаға өте алмады.

Фото: ҚТФ